Астана уақыты бойынша сағат 08:00-де "Алматы-Өскемен" автожолының 480-615 шақырым аралығында (Көлбай ауылынан Абай облысы шекарасына дейін) көлік қозғалысы қайта жанданды. "ҚазАвтоЖол" Үшарал-Достық жолынан да шектеу алынғанын мәлімдеді.
"16 желтоқсанда сағат 14:00-ден бастап Жетісу облысы бойынша "Үшарал-Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) ашық" – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу