"Үшарал-Достық" автожолының 83-184 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді

988

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үшарал-Достық" автожолының 83-184 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді

Алматы облысында 2021 жылғы 20 қараша күні сағат 14:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолда көрудің нашарлауы) "Үшарал-Достық" автожолының 83-184 шақырымында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станцияларының арасындағы ("Автодор НС" АБК реконструкциялау учаскесі) учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу