"Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожолының 84-184 км Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі аралық жабылды.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты аталған автожолдың жоғарыда көрсетілген бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылған болатын.
Алайда, шектеуге қарамастан, ескертуге құлақ аспай, өзінің және өзгенің өмірін қатерге тігіп, тас жолға шығып кеткен жүк көліктерінің жүргізушілері аз емес. Бүгін жол қызметкерлері сол жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу