"Үшарал – Достық" тасжолының 90 шақырымы биыл пайдалануға беріледі

413

Жобаның құны – 61,2 млрд теңге. 

"Үшарал – Достық" тасжолының 90 шақырымы биыл пайдалануға беріледі Фото: inbusiness.kz

Қазір құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатыр, жолдың барлық аумағы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілген, деп хабарлайды  Inbusiness.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үшарал – Достық бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 184 шақырымын жаңғырту көзделген. Жобаның құны – 61,2 млрд теңге. Бас мердігер – "АБК-Автодор НС" ЖШС.

Бұл ретте алғашқы 87 шақырым бойынша жол қозғалысы 2020-2022 жылдары ашылғанын айта кетейік. Бүгінде жұмыстар екі учаскеде жүргізіліп жатыр.

Мәселен, қазір 90-120 шақырым аралығындағы учаскеде 31 шақырымның 30-ында жабынның төменгі қабатын төсеуге байланысты жұмыстар аяқталып, барлық құбыр орнатылды. Қазір жолшы мамандар жолға мастикалық-қиыршық тасты асфальтбетонды төсеп жатыр. Аталған жұмыстар16 шақырымның 14,2-сінде іске асырылды. Сондай-ақ қардан қорғайтын қоршаулар, баспалдақтар мен тосқауыл қоршаулары орнату қолға алынды. Бұдан бөлек Ырғайты өзені арқылы өтетін көпірге арқалықтар қойылып жатыр. Бүгінге дейін 50 арқалықтың 46 данасы орнатылды.

Екінші учаскеге келсек, 54,2 шақырымның 49,8 шақырымында жабынның төменгі қабатын орнатуға байланысты жұмыстар аяқталды. Барлық су өткізу құбырлары да салынды. Қазір10,73 шақырымның 6,25-іне жабынның жоғарғы қабаты төселді. Сонымен қатар Тоқты көпірінің аралық тіректерін арматура салу арқылы нығайту, Шындалы көпірінің үстіңгі тақтасын құю, бұған қоса су өткізу құбырларын күшейту бойынша жұмыстар іске асырылып келеді. Темірбетон материалдары 100%-ға дайын тұр.

Мердігердің айтуынша, 90-180 шақырым аралығындағы учаскені биыл желтоқсанда пайдалануға беру көзделген. 

Бұдан басқа ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Достық" өткізу пунктінің құрылысын аяқтау межеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу