Үшарал қаласында жаңа әуежай пайдалануға беріледі

962

Үшарал қаласында жаңа әуежай пайдалануға беріледі

21 шілде күні Үшарал қаласында жаңа әуежай пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды abctv.kz.

"Достарым, жағымды жаңалықпен бөліскім келіп отыр. 21 шілде күні Алакөлдің жанындағы Үшарал қаласында əуежай ашылатын болды! Бұл, əрине, туристер санының ұлғаюына əкеп соғатыны сөзсіз.

Логистиканың қиындығына қарамастан мыңдаған қазақстандықтар осы ғажайып сұлу көлге жол тартады.
Жақында Үкіметіміздің туризм саласын дамыту туралы Концепциямызды қолдауы - ішкі туризмнің жоғары деңгейге көтерілуінің кепілі деп білеміз. Қазақстанның керемет сұлу табиғатын насихаттап, Алакөл сияқты айдынымызды мақтан тұтуымыз керек. Бұл жерде кең тыныс алып, спортпен айналысуға талпыныс туады екен. Сол себепті спортты насихаттау жəне туристерді тарту мақсатында дуатлоннан жарысты жылда өткізетін болып шештік. Дəл сондай іс-шараны көлдің Шығыс Қазақстан облысындағы жағалауында өткізуді жоспарлап отырмыз.

Осы жұмыс сапарында менімен бірге мəдениет жəне спорт вице-министрлері Сəкен Мұсайбеков жəне Асқар Баталов болды. Біз көл жағасындағы құрылыс нысандарын тексеріп, қолымыздағы мəліметтермен салыстырдық, енді курорт аймағын дамыту жұмыстарын нақтылауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Асқар Баталов туроператорлармен Алакөл үрдісін жандандыру тақырыбында семинар өткізді.Əрине, сыртта өткізілетін семинарлар пəрмендірек, мəселені сол жерде шешкен тиімді, алыстағы Астанадан шешу кейде қиындау соғады. Жұмысымызды жалғастырамыз", - деп жазды министр парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу