2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес биыл Республикалық бюджеттік комиссия мақұлдаған жағдайда Үшарал кенті әуежайының ұшу-қону жолағын, басқару жолын, тұрақтар мен перронды қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Жобалық-бағалау құжаттамасы пысықталып, "Мемлекеттік сараптама" РМК-нің оң қорытындысы алынған. Соған сәйкес жобаның толық құны 7,5 млрд теңгені құрайды (2020 ж. – 4,7 млрд теңге, 2021ж. – 2,7 млрд теңге).
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        