Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілер жойылады: Президент заңға қол қойды

475

27 ақпанда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев "Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілер жойылады: Президент заңға қол қойды Фото: zakon.kz

Қазақстан Парламенті сенатының депутаттары16 ақпан күні үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялады.

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің сөзінше, заң Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 55-бабын іске асыру үшін әзірленген және мүше мемлекеттердің үшінші елдермен Еуразиялық экономикалық Одақтың техникалық регламенттерін техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімдермен өзара саудасындағы техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Министр бүгінгі таңда 52 техникалық регламент қабылданғанын, оның 45-і күшіне енгенін атап өтті.

"Келісімді қабылдау Одақ пен үшінші елдер аумағында белгіленген міндетті талаптардың салыстырмалылығын анықтау негізінде сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға жағдай жасайды", - дейді Серік Жұманғарин.

Одақтың халықаралық шарттарын жасасу мынадай шарттарды орындау мүмкіндігі ескеріліп, іске асырылады:

  • Одақ шеңберінде айналысқа шығарылатын өнімдердің Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және үшінші елдің аумағында айналысқа шығарылатын өнімдердің үшінші елдің заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • Одақ шеңберінде айналысқа шығарылатын өнімге қатысты Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген міндетті талаптардың салыстырмалылығын айқындау негізінде сәйкестікті бағалау нәтижелерін мойындау;
  • үшінші елде аккредиттеу жөніндегі органның болуы;
  • мүше мемлекеттердің және үшінші елдің аккредиттеу жөніндегі органдарының мүше мемлекеттерде және үшінші елде қолданылатын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу рәсімдерінің өзара салыстырмалы бағалауларын жүзеге асыруы арқылы аталған рәсімдердің тең мәнділігін қамтамасыз ету;
  • Одақ шеңберінде және үшінші елде жүргізілетін сәйкестікті бағалау рәсімдерінің тең мәнділігін қамтамасыз ету; техникалық реттеу объектілерінің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау нәтижелерін мүше мемлекеттердің және үшінші елдердің өзара мойындауы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу