Үшінші мемлекет азаматтарының шекарадан заңсыз өту әрекеттері жиіледі

Мұндай әрекеттерге барған 210 шетелдік азамат ұсталды. 

Үшінші мемлекет азаматтарының шекарадан заңсыз өту әрекеттері жиіледі Фото: Хабар 24

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекараны қорғау департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша соңғы кездері елімізге транзитпен келіп, көршілес Ресейге, одан әрі ЕО елдеріне заңсыз кетуді көздеген үшінші мемлекет азаматтарының шекараны бұзу әрекеттері жиілеп кеткенін айтты.

"Тек 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өту мүмкіндігін іздеген 210-нан астам шетелдік азаматты анықтады. Аталған шетелдіктерге республика аумағынан шығаруға қатысты әкімшілік шаралар қолданылуда", – деді Серік Ахметқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу