Үшінші модерниязация жоспарын жүзеге асыру қиындай түсті

1690

Үшінші модерниязация жоспарын жүзеге асыру қиындай түсті

Инвестицияның жеткіліксіздігінен үшінші модернизация жоспарын жүзеге асыру қиындай түсті, деп хабарлайды finprom.kz.

Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорының жаңару қарқыны бәсеңдеп, соңғы 5 жылда ең төмен деңгейге жетті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша,  республиканы тұтастай алғанда негізгі жаңару коэффициенті 9,1% құрады.

2015 жылы ҚР кәсіпорындарында шаруашылық қызметі барысында пайдаланылған барлық негізгі мүліктің 16,1 % жаңарған болатын.

Осылайша, жаңармаған керек-жарақтар қатары жылдан-жылға ұлғая түсті. 2016 жылы барлық негізгі мүліктің 37,7% жаңармаған болса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 38,7 % құраған еді.

Негізгі қорларға инвестиция құю қарқыны төмендегендіктен өндірістегі жабдықтың ескіруі Үшінші модернизацияны іске асыруға бөгет болып отыр.

2016 жылы өндірістегі жетілдіруге 2015 жылға қарағанда 2%-ға көп инвестиция салынды. Бұл соңғы 5 жылдағы инвестқұю көлемінің  ең төмен өсу көрсеткіші саналады.

Инвестиция құюдың бәсеңдеуі 2014 жылдан бастап байқалған болатын, инвестқұю көлемі 4,2 % құраған еді. Ал 2013 жылы 6,9% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу