Үшінші сәбиінен айырылды: босануға келген әйел перзентхана терезесінен секіріп кетті

3228

Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Үшінші сәбиінен айырылды: босануға келген әйел перзентхана терезесінен секіріп кетті Фото: inbusiness.kz

Қаскелең перзентханасында босануға келген әйел терезеден секіріп кеткен. Суицидке барған әйелдің жанында медбике де болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл ақпаратты заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева әлеуметтік желіде жариялады.

Жүкті әйел Қарасай орталық аудандық ауруханасының перзентханасына төрт күн бұрын түскен.

Дәрігерлердің сөзінше, әйел осымен үшінші рет құрсақтағы сәбиінен айырылып отыр. 

Оның мұндай қадамға баруына сәтсіз жасалған ота себеп болуы мүмкін.

"Үшінші қабаттан құлады. Ол кісі бізге төрт күн бұрын түскен. Үш жүктілік болған, үшеуі де сәтсіз болған. Бірінші баласын ішінде жоғалтқан. Екінші баласын ЭКО-мен көтерген. Ол 26 аптасында тағы солай келді. Жоспарлы түрде отаға алынды. Үш баласын да жоғалту оңай емес. Жанында дәрісін беріп, медбике тұрған. Медбикені итеріп жіберіп, өзі секіріп түскен. Бала ішінде қайтыс болған. УЗИ-да анықтаған, қозғалмай қалған екен, баланың жүрегі тоқтаған, солай перзентханаға түскен. Кесарь тілігі жасалғаннан кейін үшінші күні секірген", деді перзентхана өкілі.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу