Үшінші тоқсанда Қазақстанның сыртқы қарызы өсті

605

2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 0,01%-ға өскен.

Үшінші тоқсанда Қазақстанның сыртқы қарызы өсті Фото: Inbusiness.kz

Қазақстанның сыртқы қарызы 2023 жылдың үшінші тоқсанында 22,6 миллион долларға өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Қазақстанның үшінші тоқсандағы сыртқы қарызы 2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 0,01%-ға немесе 22,6 миллион долларға өсіп, 161,9 миллиард долларға жетті, делінген жұма күні ұсынылған есепте.

Құжатқа сәйкес, елдің сыртқы қарызының номиналды құнының ең үлкен өсімі борыштық бағалы қағаздар – 1,2 млрд долларға және банктік қарыз – 0,5 млрд доллар болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу