Үшінші тоқсанда пәндердің 30 пайызы қашықтан оқытылады

973

Интернаттардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Үшінші тоқсанда пәндердің 30 пайызы қашықтан оқытылады

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде үшінші тоқсанда білім берудің қалай ұмымдастырылып жатқанын баяндады. 

"Үшінші тоқсан кеше, 11 қаңтар күні жоспарлы түрде басталды. Тоқсан 20 наурызға дейін жалғастырылатын болады.  Бұл тоқсанда дәстүрлі форматта оқыту екінші тоқсандағыдай 1-5 кезекші сыныптарда жалпы білім беретін мектептерде және халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарда дәстүрлі форматта жалғастыру қарастырылған. Сонымен қатар, екінші тоқсандағыдай 300-ге дейінгі оқушысы бар мектептерде оқыту дәстүрлі форматта әрі қарай жалғастырылып келе жатыр. Осы тоқсанның ерекшелігі,  9, 11 сыныптар жалпы білім беретін мектептерде және халықаралық мектептерде, Назарбаев зияткерлік мектептерінде 10,12 мектеп бітіруші сыныптарда  оқытуды штаттық форматтарда жүргізу басталды. Сонымен қатар осы сыныптарда оқыту бойынша пәндердің 70 пайызы шататтық режимде және 30 пайызы қашықтан оқыту форматында жалғастырылатын болады. Әр мектептің өзінде қай пәндерді штаттық форматта және қай пәнді қашықтық форматта оқыту бойынша шешім жеке дара қабылдануы қарастырылған", - деген ведомство өкілі интернаттардың жұмысына да тоқталды.

"Барлық жағдайларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ескеріліп, сыныптар 15 оқушыға дейін бөлініп оқытылады. Осы рұқсат етілген категорияларда, мектеп-интернаттарда, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы дарынды балаларға арналған интернаттардатұрып оқуды ұйымдастыру қарастырылған. Сонымен бірге қажет болған жағдайда 5-ке дейінгі оқушыларды бір топқа жинастырып, жеке консултациялар, кеңестер жүргізуге рұқсат берілген", - деді Шолпан Каринова.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу