Ұшқышсыз әуе жүйелерін пайдаланудың жаңа ережелері әзірленеді

1305

Бүгінде елімізде 279 ұшқышсыз ұшу аппараты есепке алынған.

Ұшқышсыз әуе жүйелерін пайдаланудың жаңа ережелері әзірленеді

Қазақстанның авиация әкімшілігі Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп "ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі" туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Заңға енгізілетін өзгеріс ұшқышсыз ұшу аппараттары мен пилотсыз әуе жүйелері мәселесіне қатысты. 

Ұсынылып отырған түзетулер ҚР әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын ұшқышсыз әуе жүйелерді (бұдан әрі – ПӘЖ) жобалауға және дайындауға қойылатын талаптарды қосымша белгілеу мақсатында ҚР әуе кеңістігінде ұшқышсыз әуе жүйелерді пайдалану қағидаларын ауыстыруды көздейді.

"Құрылымы, өндірісі және техникалық қызмет көрсетуі сертификатталатын ПӘЖ типтері, белгіленген санаттағы ұшқышсыз әуе кемелерінің ұшу сақтауға қойылатын талаптарды, пайдаланылатын жиілік диапазоны, берілетін ақпарат құрамы бөлігінде қашықтықтан сәйкестендіру жүйелеріне қойылатын талаптарды, әрі осы жүйе орнатуға міндетті ұшқышсыз ұшу аппараттарының санаттарын, максималды ұшу салмағы 30 келіден асатын операторлар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне қойылатын талаптарды енгізу анықталады", - деп жазылды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, ұшқышсыз әуе кемесін сертификаттауға қосымша операторды сертификаттау және сыртқы ұшқыштарды лицензиялау бөлігінде дәстүрлі басқарылатын әуе кемелері үшін талаптарды белгілей отырып, "сертификатталған" санаттағы операциялардың жаңа санатын енгізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ пайдаланушы/ПӘЖ операторының сертификатын беруге қойылатын талаптар (салмағы, орындалатын жұмыстар немесе ұшу типі бойынша пайдаланушы сертификатының аналогы) айқындалады. 

"Заңға түзетулер қабылдау ҚР әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына, атап айтқанда пилотсыз әуе кемелерінің ұшуын шектеу аймақтарын, әрі осы аймақтар үшін пайдалану жағдайларын әзірлеу, келісу және белгілеу тәртібіне өзгерістер енгізуді талап етеді.

Заңнамалық түзетулерді енгізу ұшу салмағы 30 келіден асатын пилотсыз әуе кемелерін ПӘК мемлекеттік тізілімінде тіркеу және есепке қою туралы куәлікті берусіз есепке алу және хабарлама негізіне ауыстыру тәртібін өзгерте отырып, максималды ұшу салмағы 30 келі және одан кем болатын пилотсыз әуе кемелерін тіркеу бөлігінде өзгерістер енгізуді талап етеді. Ұсынылатын жаңалықтар озық елдердің тәжірибесі мен ИКАО ұсынымдары негізінде әзірленді", - деп жазылды хабарламада.

2021 жылдың соңына дейін заңға түзетулер енгізіледі.

"Биыл қаңтарда ҚР әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидалары бекітілген. Пилотсыз ұшақтарды пайдалану мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органда тіркелетін пилотсыз ұшу аппараттарын қоспағанда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады", - деп жазылды хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі пилотсыз ұшақтарды есепке алуды ҚР азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес жүргізеді. 

Ұшу салмағы 1,5 келіден асатын ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ максималды ұшу салмағы 0,25 келіден жоғары "ерекше" санаттағы операцияларды орындайтын пилотсыз ұшу аппараттары тіркеуге жатады.

Бүгінде Қазақстанда 279 ұшқышсыз ұшу аппараты есепке алынған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу