Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарулы күштер Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары полковник Дәурен Абдуллин айтты.
"Қазіргі таңда бірде-бір қарулы қақтығыс ұшқышсыз ұшатын авиацияны қолданусыз өтпейді. Осы бағытты дамыту мақсатында Бас штабта Ұшқышсыз авиациялық кешенді дамыту департаменті құрылған. Армияны қайта құруда осындай бірқатар қадам жасалуда. Бұл процестің күрделі екенін ұғып отырмыз. Өткізілетін іс-шаралардың тиімділігі көбінесе мемлекетіміздің экономикалық жағдайы мен және мүмкіндігімен айқындалады. Қазіргі таңда Қарулы күштеріміз қарсыластың кеңінен қолданатын дәстүрлі немесе гибридті әдістермен күрес жүргізетін әр түрлі ауқымдағы әскери қақтығыстарда мемлекетіміздің мүдделерін қорғауға әзір болуы керек", - деді Қарулы күштер департаменті бастығының орынбасары.