Ұшқышсыз басқарылатын құрылғының көмегімен қарасора плантациялары анықтады

498

Мұны қарулы күштердің әскери қызметшілері анықтады.

Ұшқышсыз басқарылатын құрылғының көмегімен қарасора плантациялары анықтады Фото: gov.kz

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Sky lark ұшқышсыз ұшу аппараты есептобының көмегімен Жамбыл облысында қарасора өсіретін жерді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Қарасора-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар есептобы Жамбыл ауданы Бесжылдық ауылының аумағын зерттеп көрді. Тұрғын үйлердің бірінен әскери қызметшілер қарапайым үй бақшасынан ұқсамайтын жерді тапты.

Учаскенің орналасқан жері туралы нақты деректерді алғаннан кейін ІІМ, Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері аумақты және шаруашылық құрылыстарды тінтіп, үй иесінен табылған қарасораны тәркілеген.

Айта кетейік, биыл"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің әскери қызметшілері мұндай заңсыз жолмен қарасора өсіріп-жинайтын орынды үшінші рет нәтижелі анықтап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу