Ұшқыштар МИГ-31-ді елдімекеннен алшақ әкетуге тырысқан – Нұрлан Орманбетов

1057

Ұшақ қозғалтқышынан өрт шыққан.

Ұшқыштар МИГ-31-ді елдімекеннен алшақ әкетуге тырысқан – Нұрлан Орманбетов

ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов Қарағанды іргесінде құлаған МИГ-31 ұшағының экипажы туралы ақпарат берді.

"16 сәуір күні сағат 19.03-те экипажды жауынгерлік кезекшілікке дайындау бойынша жоспарлы ұшу кезінде Қарағанды әэродромының оңтүстігіне қарай Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің МИГ-31 ұшағы құлады. Көкке көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірі өртеніп, экипаж ұшақты елдімекеннен алшақ әкетуге қажетті шаралардың бәрін қабылдаған. Азаматтарға ешқандай қауіп төнбейтініне көз жеткізгеннен кейін барып, ұшу жетекшісінің пәрмен беруімен өздері парашютпен секірген. Бортта екі адам болған. Ұшу құрамының дайындық деңгейі жоспарланған ұшу жоспарына сай болған. Жойғыш ұшақтың тізгінінде тәжірибелі ұшқыштар болған. Подполковник Арман Құрманғалиев әуеде 900 сағат өткізген. Подполковник Иван Гаврилко осындай типтегі ұшақпен әуеде 1000 сағаттан астам уақыт өткізген. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу