Ұшқыштарға сыныптық біліктілік берудің бірыңғай тәртібі белгіленеді

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңға түзетулер енгізіліп, жетілдіру көзделген. 

Ұшқыштарға сыныптық біліктілік берудің бірыңғай тәртібі белгіленеді Фото: gov.kz

Бұл туралы Сенатор Геннадий Шиповских баяндама жасады.

"Қазіргі уақытта мемлекеттік авиация саласындағы күштік органдарда (ҚМ, ІІМ, ҰҚК) тек ведомствоішілік нұсқаулықтар ғана қолданылады", – деді сенатор.

Осы ретте, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңға түзетулер енгізу келесі мүмкіндіктерді береді:

  • ұшу жұмысының бірыңғай тәртібін белгілеуді қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарының ерекшелігі мен мақсатын ескере отырып, әртүрлі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын синхрондауға;
  • мемлекеттік авиацияда ұшуларды ұйымдастыру және орындау кезінде авиация персоналының іс-қимылдарына объективті бақылауды күшейту арқылы ұшу қауіпсіздігін және авиация техникасының сенімділігін арттыруға;
  • сыныптық біліктілікті берудің бірыңғай тәртібі және мемлекеттік авиациядағы авиация персоналының кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптарды белгілеуге мүмкіндік береді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу