Ұшпай қалған рейстердің ақшасын сот арқылы қайтару керек

802

Агрегаторлар арқылы алынған билеттерді кері қайтару қиындық туғызуда. 

Ұшпай қалған рейстердің ақшасын сот арқылы қайтару керек

Халыққа есеп беру жиынында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов әуе рейсінің ұшпай қалуы себебінен билетті қайтару мәселесі жайлы айтты. 

"Авиакомпанияларға төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған рейстерге билетті айыппұлсыз, толық бағасын қайтару тапсырылды. Алайда "авиата", "тикеткз" тәрізді агрегаторлар тәуелсіз компаниялар. Осындай агрегаторлардың кейбіреулері басқа мемлекет аумағында орналасқан. Қиындық осылардан туындап отыр. Кейбір турагенттіктер шетелдік офистер арқылы билет сатады. Сондықтан осындай мәселелерді азаматтық-құқықтық алаңда сот органдары арқылы шешу керек. Ал авиакомпаниялар билет бағасын толық қайтаруға міндетті", – деп түсіндірді министр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу