Үштілді білім беруді дамытуға 1,7 миллиард теңге бөлінді

776

Үштілді білім беруді дамытуға 1,7 миллиард теңге бөлінді

ШҚО-да үштілді білім беру бағдарламасын дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды altaynews.kz..
Өткен жылы 3,5 мың шығысқазақстандық мұғалім тіл курстарында білімдерін жетілдіріп қайтты. Оларға Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінен келген мамандар дәріс оқыды. Осы орайда, өңірде былтыр үштілділікті жетік меңгерген 12 мұғалімге ынталандыру  ретінде 170 мыңнан 800 мың теңгеге дейін сыйақы берілді.
"Өңірде үштілді білім беру бағдарламасын дамыту үшін арнайы оқыту бағдарламасы жасалып, жаңа оқулықтар сатып алынды. Сонымен қатар, орыс мектептерінде білім алып жатқан оқушыларға қазақ тілін үйрету үшін белгілі профессор Фаусия Оразбаеваның әзірлеген оқулығы қолданылуда. Ал қазақ мектептеріндегі балалардың орыс тілін еркін меңгеруі үшін профессор Елизавета Хамраеваның оқулығын пайдаланылуда", -деді Даниал Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу