Көлік полициясы 2,4 млн теңге сомасындағы теміржол бөлшектерін ұрлаған ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шұғыл іздеу шаралары нәтижесінде Үштөбе станциясында 34 жастағы ер адам ұсталды. Оған Лепсі теміржол станциясында 66 дана рельсті ұрлаған деген айып тағылды. Күдікті кінәсін мойындады.
Сарқанд аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3 тармағы бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге оның бас бостандығын шектеуге үкім кесті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу