ҚР қорғаныс министрлігіне тиесілі МИ-8 тікұшағында ұшырылым барысында борт технигі қайтыс болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"13 наурыз күні жоспарлы ұшырылым барысында МИ-8 тікұшағының борт технигі Ж.Т. Тасыбеков қайтыс болды. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тексеру жүргізілуде", - деп хабарланды баспасөз баянында.
ҚР қорғаныс министрлігінің басшылығы қайтыс болған әскери қызметкердің отбасы мен туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу