"Қазіргі уақытта үшжақты газ одағын құру бойынша ресми ұсыныс алған жоқпыз. Алған кезде оны қарастыра жатармыз", - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.
Қазір оның айтуынша, Ресеймен газ жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келіссөздер жүріп жатыр.
"Біз қазір "Газпроммен" келіссөздердің келесі раундын күтіп отырмыз. Бұл қарым-қатынастардың барлығы таяу болашақта коммерциялық және өзара тиімді негізде құрылады. Біз бұл жұмысты екіжақты форматта жалғастырамыз", - деп қосты Смайылов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу