Үшжақты келісім импортқа тәуелділікті азайтады

699

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев шикізаттық емес тауардың экспортын ұлғайту есебінен мұнайға жатпайтын экспорт көлемі өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Үшжақты келісім импортқа тәуелділікті азайтады

"Тауар экспортының көлемі 2026 жылы 80 млрд долларға дейін кезең-кезеңмен өседі. Әлемдік сұраныстың біртіндеп қалпына келуі, металл бағасының болжамды өсуі және шикізатқа жатпайтын экспортты ұлғайту есебінен мұнайға жатпайтын экспорт көлемі артады", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаевтың айтуынша, үкімет, Ұлттық банк сондай-ақ қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған үшжақты келісім аясында іске асырылатын импортқа тәуелділікті азайту жөніндегі шаралар 2026 жылы импорттың 43,4 млрд долларына дейін өсуіне ықпал етеді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу