Бүгін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз-орталығында брифинг өтті. Онда ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті және "ҚазАгро" ҰБХ АҚ еншілес қоғамдарының өкілдері БАҚ-ты шағын және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту бойынша хабардар етті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді ауылшаруашылық кооперативтерге тартуға бағдар алуға тапсырма берді.
Сонымен бірге, 2021 жылға дейін АӨК дамыту мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 1204 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру көзделген.
Шағын шаруа қожалықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге тарту бойынша шараларды күшейту мақсатында Министрлікпен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі және облыс әкімдіктері арасында үшжақты жоспарларға қол қойылды.