Үсік жүреді: Еліміз бойынша 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

409

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі. 

Үсік жүреді: Еліміз бойынша 2 қазанға арналған ауа райы болжамы Фото: inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК 2 қазанға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерде, еліміздің орталығында атмосфералық бөліктердің жүруіне байланысты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республикамыз бойынша тұман көрініс тауып, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде, күндіз еліміздің орталығында екпінді жел тұрып, күндіз орталықта бұршақ жауады деп күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады.

Түркістан өңірінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу