Успен ауданында 1 мың басқа арналған тауарлы-сүт фермасы салынуда

831

Серіктестік бүгінгі күні 600 бас сиыр сауып отыр. Күніне 20 тонна сүт қалаға жібереді. 

Успен ауданында 1 мың басқа арналған тауарлы-сүт фермасы салынуда

Успен ауданының "Галицкое" ЖШС 1000 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аудан әкімі Бауыржан Қасеновтың айтуынша, серіктестік бүгінгі күні 600 бас сиыр сауып отыр. Күніне 20 тонна сүт қалаға жібереді.

"1000 бас ірі қара және 720 бұзауға арналған ферманың құрылысы екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде осы жылдың қараша айына дейін 500 басқа арналған сауын залы мен төл алу бөлімін салу жоспарланған. Екінші кезеңдегі 500 бас пен 720 бұзауға арналған зал 2019 жылдың қараша айына дейін салынады. Сол арқылы ферма жылына 5500 тонна сүт беретін болады. 2021 жылға дейін ауданда 100-ден 600 басқа дейін ұстайтын тағы 4 сүт фермасы салынады", - деді Бауыржан Қасенов.

Жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Болат Бақауов бүгінгі күні жергілікті фермалар өңірдегі сүт өнімдерінің 70 пайызын қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

"Облысымызда 1000 бастан ұстайтын "Кирова" ЖШС ғана, - деді Болат Бақауов. – 600 бастан ұстайтын 10 ферма бар. Енді міне, "Галицкое" ЖШС ешқандай өзгеріс пен субсидияны күтпей өз күшімен, несие қаржысымен 1000 басқа арналған ферма салуда. Осы қарқынмен жылына 5 фермадан салсақ, екі жылдың ішінде облысымызды 100 пайыз сүт өнімімен қамтимыз".

Айта кетерлігі, "Галицкое" ЖШС өз қыметкерлеріне арнап тұрғын үйлер салуда. 2019-2020 жылдар аралығында 16 үй салу жоспарланып отыр. Биыл жалпы құрылыс алаңы 172 шаршы метрді құрайтын екі үйді пайдалануға бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу