Ұсталған Хасан Қасымбаевқа қандай айып тағылып отыр

240

Бас прокуратура Талғарда адам ұрлап, ұрып-соғуға қатысты істі қайта қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұсталған Хасан Қасымбаевқа қандай айып тағылып отыр Фото: Tengrinews.kz

Бас прокуратура азамат А.Әлімовті ұрлау және ұрып-соғуға қатысты қылмыстық істерді қайта қарады. Қылмыс 2021 жылдың 17 маусымында Талғар қаласы Рысқұлов көшесіндегі "Виктория" кешенінің алдында болған. Белгісіз біреудер жәбірленушіні соққыға жығып, Audi-C4 көлігімен ұрлап әкетті. Ол дене жарақаттарымен орталық облыстық ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер алдын ала "бас миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы және екі жағынан параорбитальды гематома" диагнозын қойды.

Тергеу нәтижесінде қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталды: Қалымжанов М., Ақтанов С., Сұлтанбеков Н., Қуанышбеков С., Аукенов Қ. және Әлиев Р. Қалымжанов М., Ақтанов С. және Әлиев Р-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы және 125-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс Талғар аудандық сотына жіберілді. Алайда олар шартты түрде сотталды.

Қылмыс 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында болған жанжалдан кейін кек алу мақсатында Хасан Қасымбаевтың нұсқауы бойынша жасалғаны анықталды. Жанжал кезінде атыс қаруы қолданылды. Еңбекшіқазақ аудандық сотының үкімімен М.Қалымжанов пен оның сыбайластары шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты прокуратура ҚР ҚК-нің 125-бабы ("адам ұрлау") және 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс тіркеп, оны Алматы облысы полиция департаментінің қарауына жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу