Ұсталғандардың көбі ұрлық пен мародерлік үшін айыпталып отыр

1323

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қамауға алынғандардан өздеріне күш қолданылғаны туралы 21 шағым түскен. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Ұсталғандардың көбі ұрлық пен мародерлік үшін айыпталып отыр

Омбудсмен бастаған бірқатар азаматтық қоғам өкілдері қазір ұсталғандармен кездесу өткізуде. Осы уақытқа дейін олар 11 өңірдегі 34 мекемеге барып үлгерген.

Әзімова қатыгез қарым қатынас туралы фактілердің барлығы Бас прокуратураға жолданғанын жеткізді.

Мұндай кездесудегі басты мақсат, лаңкес кім, тонаушы кім, бейбіт шеруші кім екенін анықтауға көмектесу. Кінәсі дәлелденбегендердің бәрі босатылатынын айтқан омбудсмен, қазір қамауда отырғандардың көбі ұрлық үшін айыпталып отырғандар дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу