Ұсталғаны "ұшады" – БҒМ биылғы ҰБТ бейнежазбаларының бәрін тексермек

1151

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестті тапсырған бүкіл аудиториядағы бейнежазбаларды 25 тамызға дейін тексермек, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ұсталғаны "ұшады" – БҒМ биылғы ҰБТ бейнежазбаларының бәрін тексермек Фото: Максим Морозов

"Қолданыстағы ережелерге сәйкес барлық бейнежазбалар осы жылдың 25 тамызына дейін талданып, тыйым салынған заттарды пайдалану жағдайы анықталған жағдайда тестілеушінің балдарымен қоса білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі де жойылады", – деді ОКҚ алаңында ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Оның айтуынша ҰБТ процесіне Ұлттық тестілеу орталығының өзінде орналасқан орталықтандырылған ахуалдық орталық арқылы бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ әр ҰБТ өткізу пунктінен онлайн көрсетілім ұйымдастырылған. 

"ҰБТ штаттық режимде және қандай да бір форс мажорсыз өтті. Егер бұрынғы формат болса, елде Дельта штамы таралған кезде 10 күнде 285 мыңнан астам адамды сынақтан өткізу мүмкін болмас еді",– деді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу