Қазақстандық ұстаздар енді заңмен қорғалатын болады. Бұдан былай олардың ісіне ешкім араласпайды, мұғалімнің ары мен абыройы қорғалады және жұмысына пайдасы жоқ өзге шаруалармен айналысуына жол берілмейді. Осындай талаптардың тиісті заң мен әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске енгізілетіні жөнінде білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова хабарлады. Сондай-ақ ол педагогтардың еңбек өтіліне жоғарғы оқу орнында оқыған жылдар да қосылуы мүмкін екендігін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу