Ұстаздардың біліктілік арттыру курстары шегеріледі

2236

Кейбір курстар онлайн-режимде жүргізілуі мүмкін.

Ұстаздардың біліктілік арттыру курстары шегеріледі

Білім және ғылым министір Асхат Аймағамбетов коронавирустың таралуын болырмау мақсатында мұғалімдердің біліктілік арттыру курстары кейінге қалдырылғанын айтты.

"Қосымша білім беру ұйымдарына келер болсақ, балалар сарайы, музыка мектебі біздің елде көп. Бұл ұйымдарға бір ғана мектептің ғана емес, қаланың немесе елді мекеннің барлық балалары келеді. Сондықтан осындай білім беру ұйымдарында инфекцияны жұқтыру қаупі өте жоғары. Сондықтан осыны ескере отырып, білім беру ұйымдарының жұмысын 5 сәуірге дейін тоқтаттық", – деді министр.

Оның айтуынша, оқушылар арасындағы олимпиада, спартакиадалар да кейінге шегерілмек.

"Балдәурен, Бөбек секілді лагерьлерге де балаларды алуды тоқтаттық. Біліктілік арттыру курстарын өтетінін білесіздер. Оған он мыңдаған мұғалім қатысуы керек еді. Бірақ оның көбін онлайн форматқа көшірдік. Ал онлайн форматқа көшпейтін курстарды біз мерзім бойынша шегеру туралы шешім қабылдадық", – деді Асхат Аймағамбетов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу