Үстел теннисі: Үздік командалар анықталды

760

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының 1-турының үздік командалары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Үстел теннисі: Үздік командалар анықталды

Талдықорғанның "Sarkan" клубы Суперлигада (Денис Жолудев, Алексей Жуков, Даниил Травин, Ескендір Харки) тоғыз матчта тоғыз жеңіске жетті және ағымдағы жылдың жазына дейін кезекті тур өткенше турнирлік кестеде көшбасшы атануда. Екінші орында "Қарағанды" ҮТК (Владислав Захаров, Бартош Сух, Эрик Райтер), үшінші орында "Хван Ман-Гым" өзбекстандық СК (Исломбек Султонов, Никита Панов, Шохрух Искендеров).

Бірінші лиганы 100 пайыз нәтижемен өзбекстандық "Andijan" (Альберт Шириев, Умид Зокиров, Жалоллидин Журабоев, Шерзод Мамажонов, Тимур Шириев) клубы жеңіп алды, ал алматылық "Alga Express" (Айя Әлімбаева, Игорь Медведев, Глеб Горбенко, Данил Хегай) және "Ардагер" (Тимур Бейсалиев, Александр Максимов, Дмитрий Горбенко, Алексей Хен, Айдын Меделхан) клубтары турнирлік кестеде сәйкесінше екінші, үшінші орындарда орналасты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу