Үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын команда жасақталды

1079

Әлем чемпионатында жалпы есебі 609 теннисші бақ сынайды.

Үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын команда жасақталды

21-28 сәуір аралығында Будапештте үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Аталған әлемдік сынға Қазақстан атынан жеті спортшы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлем чемпионатында жалпы есебі 609 теннисші бақ сынайды. Олар бес категория бойынша кім мықтыны анықтамақ. Атап айтар болсақ, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында, ерлер мен әйелдер арасындағы жұптық сында және аралас командалық сында жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болады. 

Будапешттегі әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық теннисшілер: 

Кирилл Герасименко, Денис Жолдуев, Тимур Келбұғанов, Бекұлан Жамал, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева және Гүлчехра Хусейнова. 

Бұл күндері үстел теннисінен Қазақстан командасы әлем чемпионатына дайындық аясында Польша ұлттық құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жаттығу жиыны Гданьск қаласында ұйымдастырылып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу