Одақ президенті Цай Чжэньхуа басшылығымен өткен ATTU конгресіне Қазақстан үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Онлайн отырыста 2019 жылы 18 қыркүйекте Джогякартада (Индонезия) өткен Конгресс отырысының хаттамасы бекітілді. ATTU-дың қаржылық аудиті туралы есеп қарастырылды. Сондай-ақ, 2021 жылғы Азия чемпионатын Дохада (Катар) өткізу туралы шешім қабылданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу