Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Вадим Ярошенко, Евгений Груздов және жаттықтырушы Игорь Рубцов бастаған "Қарағанды" клубы Павлодарда өткен чемпионатта барлығы 9 матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал жарыстың соңғы күні басты қарсыластары "Sarkan" командасын (Талдықорған) 3:2 есебімен ұтып, финалға жолдама алды.
Сонымен 1-орынды "Қарағанды" командасы, 2-орынды "Sarkan", ал 3-орынды Қостанай облысының "Шолақ Терек" командасы иеленді.
Көшбасшылардың үштігінен кейін "Sigma"(Шымкент), "Karven"(Қырғызстан), Павлодар, "Қарағанды-3" ҮТК, "Қазаэронавигация" (Астана), "Масанчи Жолбарыстары", " Хван Ман-Гым" СК (Өзбекстан) орналасқан.
Бірінші лиганы мүлдем жеңілмеген алматылық Дастан мен Айдос Кенжігұловтар мен "Alga Express"-тан Гузель Торшаева ойнап шықты. Екінші орыннан оныншы орынға дейін "Pro100" (Алматы), "Қарағанды-2" ҮТК, "Andijan" (Өзбекстан), "Жетісу" (Талдықорған), "Жалын" (Шымкент), "Ертіс" (Павлодар), Қарағанды - 1 ОРОМБЖМ, "Ардагер" (Алматы), "Хван Ман-Гым-2" СК (Өзбекстан) жайғасты.
Соңғы тур желтоқсан айының ортасына жоспарланған.