Үстел теннисінен Қазақстан Чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

1131

Әйелдер арасындағы командалық турнирде Батыс Қазақстан облысы топ жарды.

Үстел теннисінен Қазақстан Чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Үстел теннисінен Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды, деп жазады Olympic.kz. 

Әйелдер арасындағы командалық турнирде Батыс Қазақстан облысы топ жарды. Екінші орында Алматы қаласы, үшінші орында Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан спортшылары орналасқан. БҚО командасы сапында Гүлчехра Хусейнова, Алсу Сапарова, Гаухар Алмағамбетовалар сынға түскен. 

Ерлер арасындағы командалық жарыста Кирилл Герасименко бастаған елордалық спортшыдар жеңіске жетті. Кирил және Александр Герасименколар және Роман Халилов финалда Шымкент командасынан басым түсті. 

Үшінші орынды Қарағанды және Алматы қалалары өзара бөліскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу