Үстел теннисінен Қазақстан командасы жаттығу жиындарын аяқтады

724

Жиынға жалпы есебі 30 спортшы қатысқан.  

Үстел теннисінен Қазақстан командасы жаттығу жиындарын аяқтады

Карантиннен кейінгі жаттығуға ұлттық құрама үздіктерінен Кирилл Герасименко мен Айдос Кенжеғұлов қана сырт қалды. 

"Ақбұлақтағы жаттығу жиында техникалық-тактикалық және арнайы физикалық дайындықты жетілдірдік. Жиынға келгенде спортшылардың дайындық деңгейі әртүрлі болған. 24 күнге созылған жаттығудан кейін барлығының шеберлігі артып, физикалық әлеуеті қалпына келді. Оқу-жаттығу жиындарын жоғары деңгейде өткізуге көмектескен Ұлттық Олимпиадалық комитет пен үстел теннисі федерациясына алғысымды айтамын. Енді жарыс басталатын күнді асыға күтеміз", – дейді бас бапкер Эльмира Алиева. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу