Үстел теннисінен Қазақстанның ұлттық командасы жеке әлем чемпионатына Азиялық біліктілік іріктеуіне қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Катарға Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Аслан Құрманғалиев, Искандер Харки, Зәуреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Айя Алимбаева, Ангелина Романовская, сондай-ақ жаттықтырушылар штабы: Эльмира Алиева, Дмитрий Переверзев, Дмитрий Левенко аттанды.
Біздің спортшылар жеке есепте, жұпта және аралас разрядтарда жолдамалар үшін таласқа түседі.
Әлем чемпионаты Оңтүстік Африкада өтеді (Дурбан қ., 20-28 мамыр). Оңтүстік Африка осы спорт түрінің тарихында алғаш рет үстел теннисінен әлем кубогын өткізеді.
Әлемдік біріншілік соңғы рет Африка құрлығында 1939 жылы Египетте өтті.