Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты өтпейтін болды

760

Үстел теннисінен Пусандағы әлем чемпионаты кейінге шегерілді. Бұған дейін аталған дода үш рет ауыстырылған болатын. 

Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты өтпейтін болды

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) мен ұйымдастырушылар Оңтүстік Кореяда коронавируспен ауырғандар саны артқасын жарысты өткізбеу туралы шешім қабылдады. 

Алғашында үстел теннисінен әлемдік дода 2019 жылдың наурызына жоспарланып, кейін маусымға, содан соң, қыркүйекке ауыстырылды. ITTF әлем біріншілігін 2021 жылдың басына дейін шегерген еді.  Алайда, ақпан айында өтуге тиіс дода енді мүлдем өткізілмейтін болды.

2021 жылғы жарыс күнтізбесінде Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындары өтетінін ескерсек, аталған әлемдік доданы бұдан әрі шегеру мүмкін емес. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу