Шымкентте үстел теннисінен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы үшінші халықаралық турнир өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Халықаралық сынға Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан командалары мен Ресейдің Екатеринбург қаласының клубы қатысады деп күтілген. Алайда, 6 наурыз күні басталуға тиіс бәсеке коронавирус қаупіне байланысты кейінге шегерілді.
Айта кетелік, әлемнің 77 мемлекетіне таралған коронавирус инфекциясынан соң Қазақстанда халықаралық жарыстар өткізуге тыйым салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу