Ерлер арасында айтарлықтай күтпеген жағдай бола қойған жоқ. Ұлттық құраманың үздігі Кирилл Герасименко, бабында екенін байқатты.
Ол әдеттегідей қарсылас шақ келтірмеді. Онымен чемпиондыққа қарағандылық Алан Құрманғалиев таласады. Ал әйелдер арасында былтырғы финал тағы қайталанатын болды.
Ақтық сында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері шымкенттік Сарвиноз Миркадирова мен қарағандылық Зәуреш Ақашева бақ сынайды. Өткен жылы Миркадированың жолы болған.
Биыл ол жетістігін қайталай ала ма? Оны жексенбі күні өтетін шешуші ойын көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу