Біріншілікке Қазақстан командаларымен бірге Өзбекстан және Қырғыз елінен келген спортшылар қатысты.
Алматыдағы теннис орталығы – заманауи спорт нысандарының бірі. Аталған кешен ірі деңгейдегі халықаралық жарыстарды қабылдай алады. Нысанның жалпы ауданы – 5 200 шаршы метр. Бұл жерде спортпен шұғылдануға толық жағдай жасалған. Қосымша жаттығу залдарынан бөлек, қонақ үй мен асхана бар. Сәуір айында қазақстандық бапкерлердің біліктілігін артыру мақсатында Қытайдан жоғары деңгейдегі мамандар келеді.
Чемпионат нәтижесіне келетін болсақ. Суперлига жарысында Талдықорған қаласының "Саркам" командасы топ жарды. Қатарынан 9 ойында үздік шыққан жетісулық ұжым 1-ші тур қорытындысы бойынша көш басына шықты. Бірінші лигасы жарысында Өзбекстанның "Андижан" командасы жеңіске жетті. Командалық чемпионаттың келесі кезеңі жаз айында өтеді.