Үстемақы алатын медицина қызметкерлерін комиссия анықтайды

778

Медицина қызметкерлеріне ынталандыру ақысы төлене бастады.  

Үстемақы алатын медицина қызметкерлерін комиссия анықтайды

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова коронавируспен күрес жүргізіп жатқан медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемақысын төлене бастағанын айтты. Үстемақы алатын медицина қызметкерлерін арнайы комиссия анықтайды.

"Жалақысына үстемақы қосылатын тұлғаларды анықтау үшін медициналық ұйымдардың басшылары комиссияға қызметкерлердің аты-жөні жазылған тізім ұсынады. Бұл жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы орган жанында жедел штаб басшысы немесе оның орынбасарының басқаруымен комиссия жасақталады. Оның құрамында өңірдің бас санитарлық дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік емес құрылымдар, "Nur Otan" партиясы мен кәсіподақ ұйымдары өкілдері кіреді. Төлем әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленеді. Наурыз айына 5,2 млрд теңге қарастырылды. Қосымша келісімшарттар жасау арқылы қаржыландыру ұлғайды. Қазір ақша төлене бастады", – деді жауапты хатшы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу