Үстемақы тағайындау барысында түрлі олқылықтар орын алған

1132

Мұның барлығы түзетіледі.

Үстемақы тағайындау барысында түрлі олқылықтар орын алған

Медицина мамандарына үстемақы тағайындау барысында түрлі олқылықтар орын алған, деп мәлімдеді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

"Қор үстемақы тағайындаумен қатар берілген мәліметтердің шынайылығын тексереді. Мамандар тізімін салыстыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл ретте бұйрықтан ауытқушылықтар болғаны анықталды. Мамандардың қатерлі тобы дұрыс белгіленбей, айлық көрсеткіштер дұрыс көрсетілмеген жағдайлар кездесті. Клиникалық бөлім қызметкерлеріне үстемақы аударылмай, қаржы ақпараттық жүйелерде, науқастарды басқару жүйелерінде жоқ қызметкерлерге бөлінген кездер белгілі болды. Бұл олқылықтар комиссия қарауына жіберілді", – деді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ басқарма төрағасы.

Осы орайда Айбатыр Жұмағұлов үстемақылары толық төленбеген медицина мамандарына қалған сомасы берілетінін хабарлады.

"Егер сома толық төленбеген болса, қалған сома беріледі. Ал артық төлем жасалған болса қаржы жергілікті бюджет немесе медициналық мекемелер бюджетіне қайтарылады", – деді ол.

Құралай Құдайберген

Фото: region-press.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу