Үстінен шағым көп түскен туроператорлар қажылыққа апара алмайтын болады

774

Арнайы комиссия 18 компанияны мақұлдады.

Үстінен шағым көп түскен туроператорлар қажылыққа апара алмайтын болады

Биылдан бастап қажылыққа апаратын турістік операторлардың қызмет көрсету сапасы егжей-тегжейлі тексеріледі. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жанынан ашылған арнайы комиссия өкілдері компанияларға қатысты халықтың да, Саудия тарапынан айтылатын ескертпелердің де назардан тыс қалмайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

"Ескертпелер көбейген жағдайда, фирмалар тізімнен алынып тасталады, кейін қажылық сапарға апара алмайтын болады",­–деді ҚМДБ бөлім меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы.

Арнайы комиссия 18 компанияны мақұлдады. Бастапқыда 25 болатын. Ал Саудия отандастарымызға 3200 квота бөліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу