Үстірт қорығында сирек кездесетін итаю фотоға түсірілді

163

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері А.Пулатов Қазақстанның шектеулі аумағында ғана кездесетін сирек жыртқыш — итаюды (Mellivora capensis) фотоға түсірді. 

Үстірт қорығында сирек кездесетін итаю фотоға түсірілді Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Итаю Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстіртте терең шатқалдарды, карстық қуыстарды, сайлар мен өсімдіктері әртүрлі учаскелерді, соның ішінде сексеуіл, баялыш және қараған өскен жерлерді мекендейді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл жануар негізінен ымырт пен түнде белсенді, бірақ қыста күндіз де аңғарылуы мүмкін. Итаю жылына бір рет көбейеді, ал суық күндерде қысқа мерзімді ұйқыға кетеді.

Қорық қызметкерлерінің жұмысы арқасында итаю сияқты сирек кездесетін жануарлар туралы жаңа деректер анықталуда. Бұл Үстірт қорығының биоалуантүрлілікті сақтау ісіндегі маңыздылығын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу