Үстіртте арқар саны артып келеді

1953

Үстіртте арқар саны артып келеді

Маңғыстау облысында орналасқан Үстірт тауын мекендейтін арқар саны мыңнан асты. Бұл туралы аймақтың табиғат инспекторлары хабарлады. Әуе санағы соңғы жиырма жылда алғаш өткізілген. Қазанның 3 мен 17 аралығында муфлондардан бөлек, екі жүзден аса жұп тұяқты қарақұйрық саналды.  "Қызыл кітапқа" енген түз тағылары мемлекет қорғауында.

Айта кетейік, қолданыстағы заң бойынша, арқар атқан адам үш жылдан бес жылға дейін сотталып, үш млн теңгедей айыппұл төлейді. 

"Облыс әкімдігінің қолдауымен өңірде Есет, Көлеңкелі, Қызылсай, Манашы секілді ерекше қорғау аумақтары ашылды. Қазір арқарлардың осы тауларға қарай қоныс аударғанын байқап отырмыз", – деді өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары Ғаббас Досатов.

Кhabar.kz
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу