Ұсыныс түссе, бапкер болуға дайынмын – Василий Жиров

902

"Егер ұсыныс түссе, мен қазақстандық олимпиадашыларды жаттықтыруға дайынмын".  

Ұсыныс түссе, бапкер болуға дайынмын – Василий Жиров

Бұл туралы әлемдік бокс аңызы Василий Жиров айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы чемпион АҚШ-тың Аризона штатынан Атамекен Бизнес телеарнасының журналистеріне эксклюзивті сұхбат берді. Сұхбат барысында, Жиров отанға оралып спорт саңылақтарын тәрбилеу үшін қоятын талаптарын да атады. Атланта олимпидасының чемпионы, балаларым мен отбасымды асырау үшін барлық қолайлы жағдай жасалса мен барымды салып боксшыларға көмектесуге дайынмын деді. 47 жастағы Василий Жиров Ислам дінін қабылдаған. Қазір ол адамдарды өзін-өзі қорғауға үйретумен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу