Министр Маржықпаев ұсыныстар мен тың идеяларға ашық екенін жеткізді

724

Ол орынды ескертуге ашық екенін жеткізді.

Министр Маржықпаев ұсыныстар мен тың идеяларға ашық екенін жеткізді Фото: gov.kz

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев инстаграм парақшасында министр ретінде алғаш жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Туризм және спорт министрі ретінде қызметке кірістім. Маған сенім артқан Мемлекет басшысына алғыс білдіргім келеді. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік қана емес, сонымен қатар, отандық туризм индустриясын дамытуға, дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын қазақстандықтардың санын арттыруға үлес қосу мүмкіндігі болып табылады.

Біз барлық бағытты жіті назарда ұстай отырып, үлкен жұмыс атқаруымыз керек. Әріптестерімізбен бірге көздеген мақсаттар мен оң нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін", деді министр.


Сондай-ақ, ол барлық ұсыныстарға, тың идеялар мен орынды ескертулерге ашық екенін жеткізді.

"Біз азаматтарымыздың мүддесі үшін жұмыс істейміз, сондықтан сіздер де осы ортақ іске белсенді араласатындарыңызға сенімдімін.

Туризм және спорт - бұл әлемдік аренада еліміздің имиджін қалыптастыратын сала. Қазақстан қос бағытта да үлкен әлеуетке ие. Біздің мақсатымыз - осы мүмкіндіктерімізді толық пайдаланып, жүзеге асыру. 

Осы көздеген мақсаттарға жету үшін барлық жинаған тәжірибемді пайдаланып, күш-жігерімді аямай қызмет ететін боламын. Министрлік ұжымы бұл бағытта мені қолдап, жұмыла жұмыс істейтінімізге сенімдімін", деді Маржықпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу