Утиль алымның жаңа мөлшерлемелері жарияланды

672

"Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде утиль алымның жаңа мөлшерлемелері жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Утиль алымның жаңа мөлшерлемелері жарияланды

3 мамырда жарияланған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 138 бұйрығы бойынша, төленетін утиль алымның мөлшері көліктің қозғалтқыш көлемі мен салмағына және санатына қарай есептелген. Мысалы, гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарынан басқа электр қозғалтқышпен жүретін көліктердің утиль алым мөлшерлемесі мынадай:

- қозғалтқыш көлемі 1000 текше сантиметрге дейінгі көліктердің утиль алымы базалық мөлшерлеменің 1,5 киэффицентіне,

 - 1001- 2000 сантиметр аралығындағы көліктер үшін базалық мөлшерлеменің 3,5 киэффицентіне,

- 2001-3000 текше сантиметр аралығындағы көліктер үшін базалық мөлшерлеменің 5 коеффицентіне 3001 текше сантиметрден жоғары көліктер үшін базалық мөлшерлеменің 11,5 коеффицентіне теңестірілген. Бұл жердегі базалық мөлшерлеме 50 айлық есептік көрсеткіш деп бекітілген.

Осыны ескерсек аталмыш санаттағы көліктердің утиль алым мөлшерлемесі ақшаға шаққанда мынадай болады:

- қозғалтқыш көлемі 1000 текше сантиметрге дейінгі көліктердің утиль алымы 229 725 теңге болып бектіліп отыр. Бұған дейін оның мөлшері 459 450 теңге болатын.

- қозғалтқыш көлемі 1001- 2000 текше сантиметр көліктер үшін утиль алым мөлшерлемесі 1 072 050 теңгеден 536 025 теңгеге,

- 2001-3000 текше сантиметр қозғалтқышты көлік үшін 1 531 500 теңгеден 765 750 теңгеге, 3001 текше сантиметрден асатын қозғалтқышы бар көлік үшін 3 522 450 теңгеден 1 751 225 теңгеге түсіріліп отыр. Бұйрық мәтінінде бұдан басқа 4 санаттағы техникалар бойынша утильм алым мөлшерлемесі көрсетілген.

"Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған бұйрық жобасныда.

Яғни, құжат 14 мамырда күшіне енуі керек.

Бұған дейін жеңілдетілген автонесие келесі аптадан бастап берілуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу